ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ОКҚ алаңында өткен есептік конференция барысында ТЖ режимі кезінде отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар саны 25%-ға өскен. Бұл азаматтардың карантин жағдайында оқшаулануына байланысты көрсеткіш болып отыр.

«Пандемияның басталуымен дағдарыс орталықтарының байланыс желілерінде зорлық-зомбылық құрбандарының саны артты. Өкінішке орай, 10 жәбірленушінің 2-і ғана полицияға жүгінуге келіседі»,- деді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарын қауіпсіздендіру үшін 37 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды, құқық бұзушылардың мінез-құлқына 4,8 мың ерекше талаптар белгіленді.