Мемлекет басшысының Жолдауында жаңа үлгідегі білімді дамытуға, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға баса назар аударылды. Қарулы Күштер де бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуде. Өйткені кәсіби кадрларсыз техникалар мен жабдықтар іске жарамсыз болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Әскери қызметші кез-келген жағдайда қарсы келген дұшпанға барабар тойтарыс бере білуге тиіс.

«Сондықтан жеке сапаны жетілдіру мақсатында алғаш рет жауынгерлік даярлық бағдарламасына армия-тактикалық атысы енгізілді. Сонымен қатар армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша сабақтарды қамту кеңейтілді. Қазіргі заманғы іс-қимылдарды талдау осы бағыттардың өте қажет екенін көрсетеді. Қарулы жанжалда қойылған міндеттерді тиімді шешуге қабілетті батальондық және роталық тактикалық топтардың анағұрлым тиімді болып табылады. Сондықтан, олардың даярлығына ерекше мән берілді. Өткен оқу жылында Қарулы күштерде 60 мыңнан астам маман даярланды. Бұдан өзге, 200-ден астам оқу-жаттығу, әскери көлік пен автокөлік техникаларын жүргізу жөнінде 16 мың сабақ өткізілді, 20 мың жауынгерлік оқ ату ұйымдастырылды. Сабақтар күндіз және түнгі мезгілде өткізілді», - деді генерал-лейтенант.

Жауынгерлік даярлыққа ең қажетті компоненттер енгізіледі. Бірыңғай стратегиялық кешенді міндеттер шеңберінде әскерлерді оқыту төтенше жағдай, әр түрлі сын-қатер жағдай аясында өтеді.