2020 жылдың қорытындысы бойынша салықтар бойынша ішкі тауарларға қосымша кұн салығы 11% төмендеді. Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 3,5% өсті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев салықтар бойынша төлемдер динамикасы жайлы баяндады. Оның мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақтан қосымша құн салығы 2%-ке, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорынан салықтар 5,3% артты.

«Кедендік төлемдер бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бөлінген баждар 5,8%, мұнай және мұнай өнімдеріне экспорттық баждар 51% және үшінші елдерден қосымша құн салығы 3,7% төмендеді. Ал, экономика секторлары бойынша, мұнай және металдар бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43% азайды», - деді МКК төрағасы.

Бұл ретте көлік секторындағы түсімдер – 10%, өңдеу өнеркәсібінде 9%, құрылыста 2% және саудада 1,4% өсті.