Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесі шеңберінде коронавирус пандемиясы кезеңінде елге чартерлік және тұрақты рейстермен 5 914 турист қайтарылды. Бұл туралы халық алдындағы есеп беру кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

Сондай-ақ, министр туризм индустриясын қолдау мақсатында Мемлекет бұрын-соңды болмаған шаралар қолданғанын атап өтті. Мысалы, салықтық және несиелік жеңілдіктер енгізілді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін инвестициялық преференциялармен қатар олардың шығындарын өтеу пысықталуда.