Биыл жазда «Шұғыла» қоғамдық қоры 4000 оттегі концентраторын сатып алды. Бұл отандық кәсіпкерлердің, қарапайым адамдардың қатысуымен және мемлекеттің қолдауымен мүмкін болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғамдық қордың негізін қалаушы Мейірхан Әбдірахманов хабарлады. Оның айтуынша, концентраторларды жеткізуде Үкімет тарапынан да қолдау көрсетілді.

«Үкімет оттегі концентраторларын кеденнен өткізуге көмектесті, оны жеткізу үшін борт берді. Құрылғылар 2-3 аптада Қазақстанға жеткізілді. Олардың барлығы пациенттерді құтқару үшін еліміздің ауруханаларына таратылды. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 380 медициналық мекемеге берілді. Сондай-ақ, қарым-қатынасты нығайту және бауырлас елдерге қолдау көрсету үшін Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне 20 оттегі концентраторы тапсырылды», - деді М.Әбдірахманов.

Айта кетейік, оттегі концентраторларын сатып алуға қаражат жинау нәтижесінде 450 миллион теңге жиналды.