Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ол қызуды төмендететін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктердің айлық қоры санаулы сағаттарда сатып алынатынын атап өтті. Ал біреу өмірлік маңызды препаратты дәріханалардан іздеп жатқанда, оның бірнеше пәшкелері басқа сөреде шаңданады.

Мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдау әлеуметтік желілердегі түрлі "профессорлардың" рецептілері бойынша өзін-өзі емдеу сияқты қауіпті зардаптарға толы. Амбулаторлық деңгейде температура болмаған және өкпенің ең аз зақымдануы кезінде симптоматикалық дәрілерді дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қабылдау керек. Өйткені маман таблеткалардың өзара әсерін ғана емес, созылмалы және ілеспе ауруларды да ескереді. Ал Ресей мен Жапонияда КВИ орта және ауыр түрлерімен ауыратын науқастарды стационарлық емдеуде табысты қолданылатын "Фавипинавир" препараты жақын арада елге келіп қана қоймай, сонымен қатар мұнда өндірілетін болады.

«Жақын арада біз өндірісті ел ішінде іске қосуды және Қазақстанның аталған препаратқа қажеттілігін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, шетелдік әріптестермен бірге КВИ-ға қарсы вакцинаны апробациялау бойынша бірлескен клиникалық зерттеу жүргіземіз. Алдағы уақытта халықты вакцинациялау мәселесін қарастырудамыз»,- деді министр.