Жөтел, ентігу, тыныстың тарылуы, кеуде тұсының ауыруы. Пневмонияның осындай белгілері респираторлық кезеңде 5-7 күннен кейін пайда болады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жоғары санаттағы дәрігер-пульмонолог Наталья Латыпова неге назар аудару қажет екендігіне тоқталды.

Оның айтуынша, осы көрсеткіштердің біртіндеп асқынуы төменгі тыныс алу жолдарының зақымдануының белгісі болып табылады.

«Белгілер өкпе тінінің қаншалықты көп зақымданғанына байланысты. Егер бұл белгілер өршімесе, және температура 7 күнге дейін ғана болса, алаңдауға негіз жоқ. Антибиотиктер қабылдап, КТ жасау қажет емес. Егер 2-3 күннен кейін симптомдардың күшеюі байқалып, безгек қайта басталса, немесе дене қызуы көтерілсе, онда зерттеу жүргізу керек және емдеу әдісін өзгертіп, емдік шараларды арттыру қажет», - деп кеңес берді медицина ғылымдарының докторы.