Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында электрондық депозитарий құрылды, ол мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуын қамтамасыз ету үшін өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын барлық құжаттардың электрондық базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов мәлімдеді.

Қаржы министрлігінің өкілі ірі сатып алулар бойынша өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемі жұмыс тәжірибесінің болуы болып табылатынын еске салды. Сондықтан манипуляция фактілерінің көпшілігі жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттармен жүзеге асырылады.

Шенеуніктің айтуынша, электронды депозитарийді толтыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтердің дұрыстығын верификациялау – тексеру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Электрондық депозитарийді енгізу әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесін автоматты түрде есептеуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді», - деп сендірді С.Ахметов.