Бүгін Конституция мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларға виртуалды шақыруларды Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы Бақыт Нұрмұханов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "таратты".

Атап айтқанда, Президент мұрағаты бірегей экспонаттары бар тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырады: Конституцияның түпнұсқасы, Президенттің Конституция туралы Жарлықтары, Республика Тұңғыш Президентінің Парламент отырыстарында, кеңестерде, референдум қорытындылары бойынша баспасөз конференцияларында сөйлеген сөздері, Конституция жобасын талқылау жөніндегі материалдар. Конституцияны талқылау жөніндегі мұрағаттық құжаттар: республиканың қатардағы азаматтарынан келіп түскен ұсыныстар, әлемдік қоғамдастықтың жаңа конституция жобасын талқылау жөніндегі құжаттары алғаш рет ұсынылады. Бейне-көрме Президент мұрағаты мен Конституциялық Кеңестің интернет ресурстарында 27 тамыздан бастап қолжетімді болады.

Мәдениет және спорт министрлігі Республика Конституциясының 25 жылдығына арналған онлайн концерт дайындап жатыр. Ол теледидарда көрсетіледі.