Бұрынғы заңнама бойынша қоғамдық бақылаудың бір ғана түрі регламенттелген болатын.Бұл қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша бақылау түрі. Жаңа құжатта бұл бақылау түріне тағы үш форма қосылды. Атап айтқанда, қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама және мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің есебін тыңдау. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов мәлім етті. Осы үш форма бойынша тиісті регламент жасалып, енгізіледі.

«Енді қоғамдық кеңес мүшелері, жалпы, қоғамдық кеңес белгілі бір мәселені қарастырған кезде сол мәселені жетік білетін мамандарды эксперт ретінде шақыра алады, ақылы түрде. Сондықтан осы қоғамдық бақылаулардың өту тәртібі, оның ережесі міндетті түрде қажет деп есептейміз. Ал құқықтық салдары, осы бақылаулардың нәтижесі бойынша қоғамдық кеңестер тиісті ұсыныстар береді. Ол ұсыныстарды мемлекеттік орган қарастыруға міндеттеліп отыр», - деді вице-министр.