Журналистерге Армениядан немесе Қырғызстаннан әкелінген автокөлікті тіркеу жолдарын түсіндіре отырып, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов көліктер әкелінген елдер бойынша бөлінбейтінін атап өтті.

«Көліктің жол қозғалысына қатысушы ретіндегі құқықтық мәртебесі ескеріледі. Егер көлік құралы шетелдікке тіркелсе және оны сенімхат бойынша қазақстандық пайдаланса, онда бұл көлік құралы халықаралық жол қозғалысының қатысушысы болып есептеледі және оны тіркеудің қажеті жоқ. Бірақ Армениядан әкелінген көлік құралдары Арменияда Қазақстан азаматтарына тіркелгендіктен және біздің елде пайдаланылып жатса, олар міндетті тіркеуге жатады», - деп түсіндірді Серік Түсіпов.