Мәдениет және спорт министрлігі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау бағасының нормативтерін бекітуді жоспарлап отыр. Мұндай құжат тек Ресей Федерациясы мен Белоруссияда ғана бар.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуінде мәлім болды.

Ведомство басшысының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін техникалық нормалар, жинақтар, ережелер мен бағалау әдістемелері жоқ, бұл қандай да бір ғылыми-реставрациялау жұмыстарына жұмсалған қаражаттың көлемін нақты анықтауға мүмкіндік бермеген.

Сондай-ақ, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, соның ішінде құрылыс жұмыстарын жүргізу, рұқсат етілмеген қазба және т. б. бойынша талаптар күшейтілгені белгілі болды.