ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаланың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есеп берді.

Қала басшысының айтуынша жалпы өңірлік өнім көлемі 4,2% - ға өсіп, 2,7 трлн.теңгені құрады (2018 жыл – 2,5 трлн. теңге), халықтың орташа жан басына шаққанда-2.5 млн тенге (республика бойынша орташа көрсеткіштен 1,6 есе жоғары-1,5 млн. теңге).

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 11 айда 11,7% - ға артып, 658 млрд. теңгені құрады. Сауда саласы жақсы дамуда, тауар көлемі 1 147 млрд.теңгеге дейін 4,6% - ға ұлғайды. Бизнесті жүргізудегі қаланың тартымдылығы артып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 3,3% - ға артып, 2,4 трлн. теңгені құрады. 21,4 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде шағын және орта бизнес саласында 19,8 мың жұмыс орны (93%). ІІІ тоқсандағы (кварталдағы) жұмыссыздық деңгейі 4,4% (республика бойынша орташа 4,8%).

Сонымен қатар, өзара байланысты үш көрсеткіш бойынша төмендеу байқалады:

  • тұрғын үйді қолданысқа беру;
  • құрылыс жұмыстарының көлемі;
  • негізгі капиталға инвестициялар тарту.

Бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда оң өзгерістер байқалады. 11 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі жартыжылдыққа 18% - ға, тартылған инвестиция көлемі 10% - ға артты, тұрғын үйді қолданысқа беру 6 ай деңгейінде қалды. Басты сын – қатер- қала халқының санының өсу қарқыны. Бүгінгі күні халық саны 1,2 млн. адамға жетті.

Үлестік құрылыс

Үлестік құрылыстағы бірқатар проблемалар барлығына белгілі. Оларды уақтылы шешу келесі факторларға байланысты:

  1. 10 тұрғын үй кешені бойынша заңсыз түрде құрылыс салушылармен және пайшылар арасындағы сот 2.32 объект бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың және сараптаманың болмауы,
  2. 26 объект бойынша қаржылық және техникалық аудиттің (тексерудің) болмауы.
  3. 25 нысан бойынша қаржылық модельдің болмауы.

Өзекті мәселелерді шешу үшін келесі шаралар қабылданды.

  1. 26 нысан бойынша аудит жүргізілді
  2. 13 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, 19 нысан жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және түзету сатысында.
  3. 8 нысан бойынша құрылысты аяқтаудың қаржылық модельдері әзірленді;
  4. Әрбір объект бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді, объектілердің жол картасы бекітілді.
  5. Әкімдіктің бастамасы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасына (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 қазандағы № 775 қаулысы) Ұлттық қордан бөлінген қаражатты, жеке инвестицияларды бұзуға, жер учаскелерін сатып алуға, жаңа объектілер салуға, аванс беруге, қаражатты қайта инвестициялауға пайдалану бойынша өкілеттікті кеңейтетін өзгерістер енгізілді. Бұл шаралар инвесторлар іздестіруді жеңілдетуге және проблемалық нысандардың құрылысын жеделдетуге көмектесті.

15 тұрғын үйдің құрылысын (барлығы 1 878 үлескер) әкімдіктің көмегімен үлескерлер өз бетінше аяқтап жатыр. 30 аса проблемалық нысан (10 640 үлескер) "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. Ұлттық қордан уәкілетті ұйым "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС-ға қайтару шартын ескере отырып 40 млрд.теңге бөлінді. "Территория комфорта-1" (539 үлескер) тұрғын үй кешеніндегі 6 блоктың 1 блогы бұзылды.

620 үлескері бар "Алтын шар 1, 2, 3" тұрғын үй кешенінің құрылысын "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аяқтау жоспарлануда. "Шығыс" тұрғын үй кешенінде (2 160 үлескер) сегіз тұрғын үй тобы бар. Үш топ бойынша құрылыс жүріп жатыр,екі топ бойынша жобалық-іздестіру жұмыстары және ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған топтар бойынша қаржыландыру кредиттік қаражаттың қайтарымдылық шарттарын айқындайтын қаржы моделін анықтағаннан және инвестордың банк кепілдігін бергеннен кейін басталады. "Жағалау" ТК-де (1 137 үлескер) 3 полигонында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 4 полигон бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыруды бастау үшін инвестордың банктік кепілдігін ұсыну күтілуде.

2019 жылы үлестік құрылыстың аяқталмаған объектілерінің саны 52-ден 42-ге дейін (14 509-дан 11 975 үлескерге дейін) азаяды.Бұл 10 тұрғын үй кешені, 2,5 мың үлескер.

Қалған тұрғын үй кешендері 4 жыл ішінде қолданысқа беріледі:

  • 2020 жылы-22 нысан (7 881 үлескер);
  • 2021 жылы-7 нысан (1 440 үлескер);
  • 2022 жылы-9 нысан (1 446 үлескер);
  • 2023 жылы - 4 нысан (1 208 үлескер).

Қолжетімді тұрғын үй салу мен қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету

Әлеуметтік жағдайды жақсартудағы негізгі мәселе халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету болып отыр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес келесі жылы қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен 3,5 мың қолжетімді тұрғын үй беріледі (2,4 мың тұрғын үй салынды, 1 050 пәтер сатып алынды). Тұрғын үй алу кезегінде 47 577 адам тұр. Тұрғын үймен қамтамасыз етуде оң өзгерістер байқалады. Жұмыс бірнеше бағыт ойынша жүргізілуде.

Бірінші бағыт. Жыл басынан бері 1 398 пәтер жалға берілді.Жыл соңына дейін бұл сан 2 417 пәтерге толады.

Екінші бағыт. Ш. Уәлиханов, С. Сейфуллин, Бөгенбай батыр, Жангелді көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінде жұмыс істейтін жастарға тағы 1050 пәтер жалға берілді (202 екі бөлмелі, 848 бір бөлмелі). 2 жыл ішінде осы бағдарлама бойынша 2 мың пәтер жалға беріледі.

Үшінші. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 9,6 млрд. теңгені құрайтын 689 кредиттік қарыз берілді.

Төртінші. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне және көп балалы, толық емес отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 1 млн. теңгеден 460 тұрғын үй сертификаты бөлінді.

Бесінші. "Нұрлы Ертіс" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың басынан Екібастұз қаласына 235 отбасы қоныс аударды (жалпы саны 1 303 адам, оның ішінде 862 бала).

Алтыншы. "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы аясында СҚО-ға 104 отбасы (364 адам) көшірілді.

Апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасуда.

Биыл мұнай базаларына жақын орналасқан 39 разъезд ауданында 32 тұрғын үйден 117 адам көшірілді. Тағы 18 отбасы (70 адам) 1952 жылы салынған барак үлгісіндегі апатты үйден Серікбаев көшесі, 15 мекен-жайында орналасқан Промышленный елді-мекеніне көшірілді.

Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Нұр-Сұлтан қаласы 699 нысанның құрылысы мен жөндеуін ұйымдастырды, оның ішінде 750 пәтерлік 57 көппәтерлі үй және 642 жеке үй. 1,3 мың адам мен 79 арнайы техника жұмылдырылды.

Мектептердің шамадан тыс жүктелуі мәселесін шешу

Нұр-Сұлтан қаласында 115 мектеп бар, оның ішінде үш ауысымда оқытатын 8 мектеп бар. Қазір мектептерде 182 мың бала оқиды. Халықтың өсу қарқыны осы қалыпты қала берсе, 10 жылдан кейін бұл сан 1,5-2 есе артуы мүмкін.

Кешенді жоспар шеңберінде 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10 жаңа корпус мектептер аумағында ) салу жоспарланған. 2 ауысым - 120 мыңға жуық оқушы. 2020 жылы 9,5 мың оқушыны қамтитын 12 мектеп салу, 12 мың оқушыны қамтитын 8 нысанның құрылысын бастау және жалғастыру жоспарлануда.

22 мың мектеп және 3,5 мың мектепке дейінгі орынға арналған 22 мектеп құрылысы бойынша инвестициялық жобалар мақұлданды. Осы жоспарларды іске асыру 2025 жылға қарай мектеп орындарындағы ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

22 мың мектеп жасындағы және 3,5 мың мектепке дейінгі орынға арналған 22 мектеп құрылысы бойынша инвестициялық жобалар оң шешімін тапты. Бұл 2025 жылға қарай мектеп орындарындағы ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласында көптеген негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығы 76,21 жасты құрады және 1998 жылмен салыстырғанда 10 жылға (65,8) өсті. Үш жыл ішінде жалпы өлім-жітімнің 10% - ға, нәресте өлімі 11% - ға, қатерлі ісіктерден өлім-жітімнің 8% - ға төмендеуі байқалады.

Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 18% - ға төмендеді (100 мың адамға шаққанда 152,7-ден 124,09-ға дейін). JCI (Joint Commission International – Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сертификаттау) аккредиттелген 7 ұйымның 6-ы Нұр-Сұлтанда орналасқан және елорданың медициналық кластерін құрайды (НЦМиД, НЦДР, РДЦ, НЦ нейрохирургии, НЦ кардиохирургии, МЦ УДП). Медициналық туризмді дамытуда. Соңғы 2 жылда елордада 45 елден 3,5 мыңға жуық шетелдік тұрғындар ем алды (2017 ж. - 1 559 адам, 2018 ж. - 1 826 адам).

Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық мекемелер мен басқа да әлеуметтік объектілердің "қадамдық қол жетімділігін" қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Доктор у дома" нысандарының саны 160 мың адамды қамти отырып, 20 минуттық қадамдық қолжетімділік шегінде 14-ке дейін жеткізілді. 2023 жылға дейін "Доктор у дома" 51 нысаны ашылады, бірінші кезекте елді-мекендерде ашу жоспарланған.

Денсаулық сақтау нысандары бойынша 2 ірі жоба басталды.

Біріншісі-1959 жылы салынған және әлі күнге дейін жөнделмеген орталық жол ауруханасының жөндеу жұмыстары. Аурухананың 6 корпусы бар. 3 корпусы апаттық жағдайда, оларды пайдалану тоқтатылды. Басқа 3 корпуста жөндеу жұмыстары аяқталуда,одан кейін емхана мен стационардың клиникалық бөлімшелері оған ауыстырылады. Екінші-800 орындық көпсалалы аурухана құрылысы Түркиялық инвестормен МЖС механизмі бойынша жүзеге асырылады. Жол инфрақұрылымын дамыту 2011 жылдан бастап автокөліктердің саны 2 есеге өсті – 200-ден 500 мыңға дейін. Ағымдағы жылы 69 көшені қамтитын 51,5 км жол жөнделді, оның ішінде елді-мекендерде орналасқан ұзындығы 24,3 км 39 көше.

Тұңғыш Президент күніне орай ұзындығы 34 шақырым болатын үлкен айналма жолдың соңғы учаскесі іске қосылды, оның жалпы ұзындығы 87 шақырым. Тәулігіне 15 мыңнан астам автомобиль күтіледі,оның 20% - ын жүк көліктері құрайды.

Қабанбай батыр көшесінің кеңеюіне және Қорғалжын тас жолы мен Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының қиылысындағы көлік торабының құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қабанбай батырды кеңейту 6 жолаққа дейін өткізу қабілетін арттырады (тәулігіне 45-тен 60 мың автокөлік).

2020 жылы 90 км жол салу және жөндеу, сондай – ақ Есіл өзені арқылы және Нұра-Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы екі көпірдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа ванттық көпірдің құрылысы басталады, нәтижесінде тәулігіне 50 мыңға жуық автокөлік легі Керей, Жәнібек хандар және Ұлы Дала даңғылына тікелей қатынайтын болады.

Аталған 3 көпір мен жолдың құрылысы қаланың оңтүстік-шығыс және сол жақ жағалау бөлігі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, Мәңгілік Ел даңғылының жүктемесін азайтады және Нұрлы жол вокзалының қолжетімділігін арттырады.

Сумен қамту және кәріз желілері бойынша әлсіз механикалық әсерге төтеп бере алмайтын шыны талшықты және гофрленген құбырларды пайдалану проблемасы анықталды.

Мұндай құбырлармен жабдықталған ұзындығы 90 км-ден асатын сумен қамту және кәріз желілерінің 34 учаскесі бар. Иесіз жатқан, қараусыз қалған желілер мен нысандар күрделі проблема болып табылады. Бүгінгі күні шамамен осындай 680 желілер мен нысандар анықталды. Бұл 126 км электр желілері, 7,5 км сумен қамту желілері, 14 км кәріз желілері, 198 трансформатор және 76 трансформаторлық қосалқы станция.

Ашық люктер мен құдықтар иесіз қалған мүлікпен тығыз байланысты.Оқыс оқиғаның алдын алу үшін құдықтарды жақсартылған қақпақтармен және қорғаныс торларымен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 102 мың құдықтың төрттен бірі (24,8 мың) тормен жабдықталған. Пилоттық режимде ұрлықтың алдын-алу үшін бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің біріктірілген датчиктері бар 10 люк орнатылды.

Тұрғын алаптарды дамыту

Қалада 280 мың тұрғыны бар немесе барлық тұрғындардың төрттен бір бөлігі тұратын 16 тұрғын алаптарын дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Әр тұрғын алаптың тұрғындарымен болған кездесулердің нәтижелері бойынша проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар жоспары дайындалды, ол 3 негізгі блокқа бөлінген: жол және инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі, абаттандыру мәселелері.

3 жыл ішінде:

Бірініші. Жол және инженерлік инфрақұрылым

  • 76 көшеде 33,24 км жолды жөндеу;
  • ұзындығы 178,4 км болатын сумен қамту, су бұру және жауын-нөсер кәріз жүйелерін құру;
  • тазарту құрылғыларын орналастыру - 3 кешен;
  • таратушы қосалқы станциялардың, трансформаторлық қосалқы 48 станцияның құрылысы, 176,6 км- кабель желілерінің, 1 - қосалқы станцияның құрылысы;
  • 82 аялдаманың құрылысы;

Екінші. Әлеуметтік және әкімшілік нысандар. Жоспарланған құрылыс:

  • 3 мектеп, 3 мектеп аумағындағы жаңа білім нысаны (қосымша корпус);
  • шамамен 600 адамға арналған 5 БМСК;
  • 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
  • 2 өртке қарсы депо.

Үшінші. Абаттандыру сұрақтары:

  • 1 саябақ пен 10 гүлзардың құрылысы;
  • қатты қалдықтар үшін 2927 контейнер сатып алу және 170 контейнер алаңын орналастыру;
  • 16 ауланы абаттандыру;
  • саяжайлар мен гараждарды сүру.

Әлеуметтік қорғау

Өтініштердің талдауы бойынша әртүрлі диагноз қою үшін оңалту орталықтарының жоқтығы анықталды. Қалада 18 жасқа дейінгі 367 мың бала бар, олардың 5 мыңы немесе 1,4% ерекше қажеттіліктері бар (церебралды сал ауруы - 1065, аутизм -586, Даун синдромы - 230, психикалық ауру - 203, тыныс алу аурулары - 380 және т.б. ). Келесі жылдан бастап екі оңалту орталығын салу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, әкімдік салып жатқан тұрғын үй нысандарының бірінші қабаттарында жақын және қол жетімді болу үшін оңалту орталықтары мен, шағын орталықтар, сондай-ақ полиция бөлімшелерін орналастыру үшін орындар бөлінген.

Келесі жылдан бастап алғашқы әлеуметтік нысандар Уәлиханов к-сі, Ұлы Дала д-лы және Бейсеков көшесінде орналасқан 3 тұрғын үй кешенінде жұмыс істей бастайды. Ипподромда иппотерапия және бейімдегіш ат спорты үшін жабық манеж құрылады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік қызметтер тұрғысынан инватакси автомобильдері жақсы әсерін тапты. Қалада 26,7 мың мүгедек бар. Биылғы жылы инватакси саны 22-ден 36-ға дейін көбейтілді, келесі жылдың басынан бастап тағы 10-ы қосылады, қамту 800-ден 1600 адамға дейін 2 есеге артады, оның ішінде 500-ден астамы бала.

Газбен қамту және экология

Елорданы газдандыру 3 кезең бойынша жүзеге асырылады.

«Газдандыру - бұл қала мен жалпы ел үшін стратегиялық маңызды жоба. Қаланы қазірдің өзінде түтін басқаны байқалады, ол қоршаған ортаға және тұрғындарға зиян келтіретіні анық. Газдандыру қатты заттар 40 мың тоннаға, зиянды шығарындыларды 6 есеге азайтады. Келесі жылыту маусымында ЖЭО-1,2, Көктал-1,2, Агргородок, Промышленный, Железнодорожный, Оңтүстік-шығыс тұрғын Алаптарындағы үйлер газбен жылытылады деп жоспарлап отырмыз. Екінші кезеңде газ Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1,2-ІҚК), Тельман (3-ІҚК), Пригородный, Garden Village және Family Village (4-ІҚК) тұрғын алаптарына жеткізіледі», - деді Алтай Көлгінов.

Үшінші кезең Үркер (1-2-ІҚК), Шұбар (3-ІҚК), Өндіріс (4-ІҚК) тұрғын алаптары газдандырылады. Іске асыру мерзімі - 2020-2023 жж. Жобалаушылардың айтуынша, газ тарату желілері көшелер арқылы үй қоршауларына дейін тартылады, қоршаудан үйге дейін газға жеке тұрғындардың өздері қосылатын болады. Әкімдік тұрғындарға есептегіш құралдарды тегін береді.

Инвестициялық ахуал

Негізгі капиталға инвестициялар бойынша көлемі және олардың құрылымы бойынша да оң динамика. 2016 жылдан 2018 жылға дейін инвестиция көлемі 850 млрд.теңгеден 1 трлн. дейін артты. Бұл ретте жеке инвестициялар жедел қарқынмен өсуде, олардың үлесі осы кезеңде 58% - дан 82% - ға дейін өсті. Инвестициялар тарту бойынша шаралар.

  1. Инвесторлар мәселелері бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысы жандандырылды. Енді ол үнемі өткізіледі. 2-жартыжылдықта 4 отырыс өткізілді, 254,5 млрд.теңге сомасына 42 инвестициялық жоба қолдау тапты, 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.
  2. Astana Invest өңірлік фронт-кеңсесі инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің тұтас спектрі, оның ішінде консультациялық қолдау және мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдемдесу бойынша сүйемелдейді.
  3. «Астана – жаңа қала» және «Технополис» АЭА инвестицияларды тартудың негізгі құралдары болып табылады. № 1 Индустриялық паркте 73 жоба жүзеге асырылуда, оның 50 іске қосылды, 23 жобаны алдағы 3 жылда іске қосу жоспарлануда. Бірінші парк аумағы толтырылған. Индустриялық парк 3 еседен есесін қайтарды. Бірінші парктің 95% толтырылғанын ескере отырып, Президент ауданы 433,1 га екінші паркті құруды тапсырды. Екінші парктің тұжырымдамасы – барлық қажетті инфрақұрылымы бар универсалды модульдер негізінде дайын алаңды құру.
  4. «Астана – жаңа қала» АЭА тартымдылығын және қолданыстағы шекаралардың толтырылуын ескере отырып, оның аумағы 2 есеге, 7-ден 15 мың гектарға дейін кеңейтілді. Бұл 2 трлн. теңге инвестицияларды тартуға, 400 әлеуметтік нысан салуға, 15 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға, 160 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

  1. «Ашық әкімдік» қағидасы енгізілді, 2 ауданда «Open Akimat» ашылды, қалғандарында жұмыс жалғасуда.
  2. Барлық 4 ауданда «Ашық есік күні» акциясы өтті және жүйелі негізде жалғасады.
  3. Жер комиссиясының, үлестік құрылыс жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, бизнес-жобаларға гранттар беру жөніндегі комиссияның және басқалардың отырыстары онлайн режимінде өтіп, әлеуметтік желілерде таратылады.
  4. «Қатысу бюджеті» пилоттық жобасы іске қосылды. Сарыарқа ауданында 100 миллион теңге бөлінді, тұрғындардың өздері жобаларды беріп, іске асыру үшін таңдап алады. 2020 жылы барлық 4 ауданда «қатысу бюджеті» пайда болады.
  5. «I-Qala» кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді, онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мысалы: жылумен, сумен, электр энергиясымен қамту және басқалары сияқты 77 қызмет «бір терезе» негізінде көрсетіледі (ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін 1870-тен астам қызмет көрсетілген).
  6. Жыл басынан бері iKomek орталығы 1,2 млн сұранысты қабылдап, өңдеді, 77% шешілді.
  7. «Астана адалдық алаңы» жобасы ашықтықты арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
  8. Қалалық акселераторы ниет танытқандардың барлығына проблемаларды қалыптастыруға және оларды шешуге қатысуға мүмкіндік береді (ашық люктер, қоғамдық көлік, ПИК және санитария). Бұл коммуналдық және жеке кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар және елорданың белсенді тұрғындары арасындағы өзара ынтымақтастық үшін бірыңғай ашық алаңға айналды. Пилоттық жобаға 38 белсенді азамат, 20 компания мен ұйым қатысты. ПИК, санитарлық тазалық және қоғамдық көлік жұмысының мәселелері талқыланды. Акселерациялық топтарының қатысушылары мәселелерді нақты шешу үшін қадамдар жасап қана қоймай, олардың бірнешеуін жүзеге асырды. Автобустарға солға бұрылуға рұқсат беретін пилоттық жоба іске қосылды, бұл жолдың өткізу қабілеттілігін арттырды. № 50, 41, 1 бағдарлары оңтайландырылды, бұл басқа маршруттардағы жүктемені және күту аралығын азайтуға мүмкіндік берді. Жұмысты жақсы ұйымдастыратын кондоминиумды басқару органдарының рейтингі әзірленді, ол тұрғындарға басқару компанияларын жұмысын салыстыру және таңдауға мүмкіндік береді. Рейтинг шамамен 20 параметрды қамтиды және олар автоматты түрде жаңартылып отырады.
  9. Әкімдік басшылығы аптасына екі рет азаматтарды қабылдайды. 2428 азамат қабылданды (қала әкімі - 636, әкім орынбасары - 1792). Сонымен қатар, 21 қараша Бірыңғай (ұлттық) азаматтарды қабылдау күні, 657 азамат қабылданды.
  10. «Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығы 12 мемлекеттік органнан 70-тен астам қызмет түрлерін ұсынады. Күн сайын 300-ге жуық азамат қабылданады. 14,5 мың сұрақ бойынша 7 мыңға жуық адам жүгінді. 11,4 мың консультациялар берілді 3 мыңнан аса мәселе жергілікті жерде шешілді.