Бұл туралы қоғам қайраткері Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына берген жауабында мәлімдеді. Әлия Садырбаева «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысады. «Алтын алқа» иегері мемлекеттен әлеуметтік кепілдік ала алмай жүрген әйелдердің «өкпесін» жеткізеді.

«Қазақстанда ажырасулар көп, анасы бір баласын жалғыз тәрбиелеп отырған отбасылар көп, оған да қиын. Сондықтан, негізінен, ана мен баланы қолдау мәселелері - бұл негізгі басымдықтар. Менің ойымша, сөзсіз базалық кірісті енгізуді мүмкіндігінше тез қарастыру керек, өйткені өте бай елде кедейлер өте көп. Сондай-ақ, бұл сыбайлас жемқорлық мәселесі. Біздің білуімізше, түрлі бағдарламаларға қомақты қаржылар бөлінеді, бірақ олар көп жағдайда адамдарға жетпейді. Менің ойымша, мәселелер өздеріне жақын болған адамдар оларды көтеріп, айтуы керек. Мен Мәслихат депутаты болсам да, Мәжіліс депутаты болсам да, немесе қоғам қайраткері болып қалсам да бұдан әрі қарай да осы мәселелерді көтеріп, дәл солай қорғайтын боламын», - деп уәде берді көпбалалы ана.