Еліміздің үш өңірінде қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайлары тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров мәлімдеді. Ол өз ведомствосының сайлаудағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету процесіндегі жұмысы туралы баяндады.

«Мұндай фактілер Маңғыстау облысында орын алды. Азамат орташа ауырлықтағы мас күйінде ұсақ бұзақылық жасаған. Ол жәшіктің қақпағын сындырған. Сайлау учаскесіне мас азаматтың келу жағдайы Нұр-Сұлтан қаласында да тіркелді. Алматы қаласында блогерлердің бірі комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі келтірген», - деді тәртіп сақшысы.

Сондай-ақ, Заппаров азаматтарды қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.