ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ішкі көлік қатынасын іске қосу және көліктегі санитарлық-карантиндік бақылау мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлердің ақпараты бойынша, 2020 жылдың 13 мамырында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды.

Халықтың сұранысын ескере отырып және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар поездарын іске қосу 2020 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

  • бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады;
  • екінші кезеңде 10 маусымынан бастап 39 жұп поезды іске қосу жоспарланып отыр;
  • үшінші кезеңде өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай, сондай-ақ көршілес мемлекеттермен келісілгеннен кейін 15 жұп пойыздың қатынауын қайта бастау жоспарланған.