Құрылыс жұмыстары бойынша жақсы көрсеткішке қолжеткізілді. 10 айда ол 90,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 164,2 пайызды құрады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов осындай мәліметтерді жария етті.

Қалада 14 224 пәтерлік 262 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл 1 млн шаршы метрден астам.

«Президент білім беру саласына басымдық берді. Қазіргі кезде 7020 орындық 13 мектеп салынып жатыр. Жыл соңына дейін 5100 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Алдағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысын жүргізу бойынша арнайы жоспар әзірленді. Осының есебінен ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі», деді қала басшысы.

Айта кетейік, қашықтан оқуды ұйымдастыру мақсатында ағымдағы 47 мыңнан астам компьютер алынды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл мұғалімдер мен тәрбишілердің еңбекақысы 25 пайызға көтерілді. Келесі жылы тағы 25 пайызға ұлғайту жоспарланған.