Дәл бүгінгі жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен баспасөз мәслихатында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 1 маусымында коронавирус жұқтырған 867 азамат анықталса, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді.Яғни, науқастар саны күрт артты», - деді Мұрат Әйтенов.

Жалпы, 1 маусымдағы жағдай бойынша, жұқпалы ауруханаларда 490 төсек-орын қоры болған. Ал, маусым айының соңына дейін қосымша 160 төсек-орын ұйымдастырылып, нәтижесінде төсек-орын қоры 650-ге жеткізілді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 7 шілде аралығында 1640 науқас ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1276-ы немесе 77,8 пайызы коронавирус жұқтырған.