ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Елордада коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мәселелеріне, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз іс-шарасына спикерлер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова және қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев қатысты. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Кисикованың ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тіркелген 222 оқиғасына 2 167 байланыста болған адам анықталды (орта есеппен 1 адамға 10 байланыста болған адамнан келеді). Барлық байланыста болған адамдар инфекцияның тасымалдаушылары болып табылады, олар дер кезінде ауруханаға жатқызылды, оқшауланды және коронавирустық инфекцияның бар-жоғына тексерілді. Бұл топта 131 КВИ жағдайы анықталды (Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген жағдайлардың жалпы санының 60%). Бұл ретте, әкелінген жағдайлар 12%, жергілікті – 29% құрады.

Астана тұрғындарына коронавирустық инфекцияның болуына күдікті медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету және оның таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілді:

  • инфекциялық стационарда коронавирусты инфекциялы аса ауыр науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін экстракорпоралдық мембраналық аксигенацияның қарқынды терапиясының республикалық орталығы ашылды;
  • пневмония мен ЖРВИ күдігі бар науқастарды емдеу үшін теміржол ауруханасының терапевтік блогында 150 төсек-орынға арналған пульмонологиялық госпиталь ашылды;
  • вирустық инфекция бар пациенттерге тәулік бойы №2 обсервациялық емханада қызмет көрсетеді; -коронавирустық жұқпасы бар пациенттерді емдеуге тартылған медицина қызметкерлері арасында жұқтыруды болдырмау және салауатты моральдық-психологиялық климатты қолдау мақсатында шамамен 700 медицина қызметкері қаланың қонақ үйлерінде орналасқан. Олар үшін олардың қозғалуы үшін көлік бөлінген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирусқа қарсы күреске тартылған барлық 1 469 медициналық қызметкерлерге (163 дәрігер, 683 орта медициналық персонал, 623 кіші медициналық персонал) наурыз айында 150 млн.теңгеге сыйақы төлеу жүргізілді. Сондай-ақ, "Біз біргеміз" қорынан коронавирустық инфекциямен ауырғандармен тікелей байланыста болған медицина қызметкерлерін көтермелеу үшін қосымша 25 млн.теңге бөлінді.

С.Кисикова атап өткендей, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының айналасында 7 блок-посттан қаланың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарынан 52 орта медицина қызметкері тәулік бойы жұмыс кестесін есепке ала отырып бекітілген.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев қалаға тауарлар үздіксіз жеткізілгенін, тапшылықтың болмайтынын атап өтті.

«Қалаға жүк тасымалы үшін кіре берісте «жасыл дәліз» жасалған. Карантин енгізілген сәттен бастап қалаға жалпы көлемі 39 812,2 тоннаны құрайтын 3,776 жүк көлігі кірді, оның ішінде азық-түлік өнімдері 14 315,4 тоннаны құрайды, бұл желілер мен базарлардың қазіргі сатылым көлеміне сәйкес келеді»,- деді.

Бүгінде қалада азық-түлік қоры жеткілікті.

Тек 19 позициядағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 30 мың тонна көлемінде бар, оның 25 мың тоннасы қоймалар мен көкөніс қоймаларында сақталған, қалған 5 мың тоннасы қаланың тұрақтандыру қорына түскен. Қала резервтерін толтыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.

Біріншісі. Біз өңірлермен жеміс-көкөніс тобына, ет және азық-түлік өнімдеріне белгіленген бағамен «форвардтық келісімшарттар» жасаймыз. Бұл Түркістан, Жамбыл, Ақмола және Павлодар облыстары.

Екіншіден, «айнылым тізбесі» бойынша күріш, қарақұмық және көкөніс тобына (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) белгіленген бағамен сатылатын шартымен ірі бөлшек сауда желілерімен жеңілдетілген несие туралы келісімдерге қол қойылды.

Қосымша жергілікті бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлінген, бұл сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын бекіту үшін жеңілдетілген несиелерге бағытталған (күнбағыс майы, сүт, ет және азық-түлік өнімдерін сатып алу жоспарлануда).

Жоғарыда айтқанымыздай, ұн сатып алынды, осыған байланысты бірінші сортты нанның бағасы шамамен 90-95 теңге аралығында сақталады (660 млн. теңге көлеміндегі 6 мың тонна ұн қоймаларда және астық түрінде де сақталады және наубайханаларға сатылады)

Тұрақтандыру қорынан қанттың бағасы 220 теңгеден аспайтын тауарлық интервенциялар өткізіліп жатыр. Естеріңізде болса, төтенше жағдай жариялаған кезде баға 350 теңгеге дейін көтерілді ( «Магнум», «КенМарт», «Астыкжан» және «ВкусМарт», «А2», «Метро» супермаркеттері мен «Шапагат»базарында жүзеге асырылып жатыр).

Бағалары өсіп келе жатқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны реттеу мақсатында Үкімет 9 тауарға (19) баға белгілерін қойды.

Анықтама үшін:

  • бірінші сортты бидай ұны, (197 тг).
  • бірінші сортты ұннан жасалған нан(пішінді), (150 кг, бір тоқаш 82,5 тг.)
  • макарон өнімі (весовой), (230 тг.)
  • қарақұмық жармасы, (239 тг.)
  • жылтыратылған күріш (дөңгелек астық), (307 тг.)
  • сиыр еті (иық-кеуде сүйектері), (2113 тг.)
  • тауық жұмыртқасы (І санат), (351 тг.)
  • күнбағыс майы, (481 тг.)
  • ас тұзы («Экстра» қоспағанда) (55 тг.)

Бағалар әр аймаққа жеке белгіленген. Бекітілген бағалар e-gov ресми сайтында орналастырылған.