Өткен жылы Ұлттық қорға 4,5 трлн теңге түсті

Оның 2,8 трлн астамы - мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салық түсімдері есебінен, - деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен халықпен есепті кездесуі барысында Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорда жинақталған қаражаттың жалпы сомасы 27,5 трлн теңгені немесе 65,5 млрд долларды құрады.

«Өткен жылы Ұлттық қордың 3,1 трлн теңге қоры пайдаланылды. Оның ішінде: 2,7 трлн теңге - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына кепілдік берілген трансферт түрінде, 370 млрд теңге - нысаналы трансферттер түрінде,14 млрд теңге - Ұлттық Қорды басқару бойынша шығыстарға жұмсалады», - деді Қаржы министрі.