ОКҚ брифингі барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жоғары білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерді атап өтті. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, 4 жылдың ішінде білім гранттарының саны аймақтық университетте 2 есеге өсті.

«Облыстағы мектеп түлектерінің кетуі 30-дан 12,7% -ға дейін төмендеді, біздің университеттегі студенттер контингенті 40% өсті. Сонымен қатар, жақын арада студенттердің санын 10 мыңға дейін арттыру жоспарлануда», - деді Құмар Ақсақалов.

Ол үшін жаңа оқу-зертханалық ғимарат және екі жатақхана салынуда. Келесі жылы 660 курсант оқи алатын әскери институттың жаңа оқу ғимаратының құрылысы басталады.