2021 жылғы қаңтар айынан бастап Отбасы банкі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалануға арналған онлайн платформаны іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба ережелеріне сәйкес, клиент өтініш берген кезде осы онлайн платформада арнайы порталға кіріп, электронды цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өтуі керек. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте платформаның жұмысы таныстырылды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, клиент жеке кабинетте қаражатты пайдалану мақсатын көрсеті, қажетті құжаттар тізімімен танысады. Әр мақсат бойынша жеке құжаттар тізімі бекітілген.

«Ережеде сегіз мақсат қарастырылған. Портал өте қарапайым. Зейнетақы жинақтарыңызды қандай мақсатқа жұмсағыңыз келетінін біртіндеп анықтауға болады.

Бірінші мақсат – кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша толық есеп айырысу, онда сіз меншігіңізге тұрғын үй сатып аласыз. Бұл сатып алу-сату шарты, үлестік қатысу шарты, жекешелендіру шарты, тұрғын үй құрылысы кооперативіндегі үлестік қатысу туралы шарт, бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау шарты болуы мүмкін. Біз тұрғын үйдің құнын толық төлеу үшін сатып алудың барлық мүмкін тәсілдерін қарастырдық.

Екіншісі - ипотека бойынша бастапқы жарнаны төлеу. Ережелер талқыланған кезде порталда жазылған пікірлерге қарағанда ең танымал болып табылатын үшінші мақсат - бұл қолданыстағы ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу. Бұл негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу болады, айыппұлдар мен өсімпұлдар қабылданбайды.

Төртінші мақсат - тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу. Өз ерекшеліктері бар болғандықтан, біз оны бөлек шығардық.

Бесінші – қайта қаржыландыру, алтыншы - сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді аренда бойынша қарыздарды толық өтеу.

Жетінші, ең қажетті және ең көп сұрақтар тудырды - бұл өтініш берушінің құқықтарын жақын туыстарына беру. Ата-аналар, балалар, аға-інілер, апа-сіңлілер зейнетақы жинақтарының бір бөлігін осы пайданы алушы адамның пайдасына бере алады», - деді өкілетті оператордың басшысы.

Бұдан басқа, порталда сегізінші мақсат – емдеуді қолдану үшін арнайы қосымша бар. Бұл ереже қоғамдық тыңдауға ұсынылды. Қазірдің өзінде оны 2,5 мыңнан астам адам қарап, 30-ға жуық пікір жазған.