Алматы қаласында қатаң шектеу шараларын енгізу шеңберінде қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысатындарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларының кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметі шектелген. Бұл шара өзін-өзі оқшаулауды қамтамасыз етуге және қала бойынша 687,8 мың жұмысшының қозғалысын шектеуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Әкімнің мәліметінше, бүгінгі таңда Алматыда коронавирустық инфекцияның 6 202 жағдайы тіркелген, бұл ретте күн сайынғы өсім 1,1% құрайды.

Аймақ басшысының ақпараты бойынша, жұқтырғандардың басым бөлігі еңбекке қабілетті халыққа тиесілі (82%), бұл өз кезегінде карантиндік шаралардың босаңсуымен байланысты. Бұл ретте, симптомсыз нысандағы тіркелген жағдайлардың ішінде Алматы облысының қала маңы – аудандарының тұрғындарына 62% келеді.

«Соңғы айда ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есеге өсті. Қазіргі уақытта қаланың инфекциялық стационарларында 1 772 адам бар, оның ішінде 24 – і өте ауыр, 349 – ы ауыр, 1 264 – і орташа ауыр, 135 – і қанағаттанарлық жағдайда»,- деп толықтырды Б.Сағынтаев.