Қазақстанның егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің қалыптасу аспектілерін тарих ғылымының призмасы арқылы қарастыра отырып, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл Н.Ә.Назарбаевтың қызметі қазақстандықтардың тарихи сана-сезімдерін қалыптастыру мәселелеріне мұқият назар аударуда қалыптасқанын атап өтті.

Профессордың айтуынша, тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде іске асырылған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында Қазақстанның тарих ғылымын дамыту айтарлықтай қарқын алды. Бұл ретте, 2008 жылы Елбасы бастамашылық еткен Мемлекет тарихы институтын құру маңызды фактор болды.

Тарих ғылымдарының докторы Е. Әбілдің айтуынша, Қазақстандағы тарихи сана-сезімнің және тарих ғылымының қалыптасуының ерекше маңызы жалпы Н.Ә. Назарбаевтың шығармашылық және публицистикалық мұрасы болды. Ол бүгінгі күні отыз кітаптың және бірқатар ірі мақаланың авторы болып табылады.

«Н.Ә. Назарбаевтың шығармашылық мұрасы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында гуманитарлық білімнің рөлін күшейту контексінде маңызды ғылыми зерттеуді талап етеді. Мемлекет басшысы ретінде емес, саяси қайраткер ретінде емес, атап айтқанда публицист, саясаттанушы және тарихшы ретінде», - деді Е. Әбіл.

Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде көрініс тапқан қазақстандық жаңғырту аспектілері туралы айта келе, сарапшы бұл бағытта Елбасының белгілі жұмыстарынан басқа, осы тақырыпта маңызды тарихи зерттеулер аз екенін мәлімдеді.

Осыған байланысты, ол Қазақстан тарихын кезеңдеу бойынша жалпы пікірталас аясында осы бағыттағы зерттеулерді жандандыруға шақырды.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.