Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Әнуар Жанғозин өңірлер бөлінісінде олимпиада жеңімпаздарының саны бойынша Алматы (201) және Түркістан (184) облыстары көш бастады. Ал ең жоғары балға Алматы, Маңғыстау және Павлодар облыстарының оқушылары қол жеткізді.  


«Биыл олимпиада алғаш рет онлайн форматта өтті.

 

«Олимпиадаға 5-6 сыныптың 150 мыңға жуық оқушысы тіркелді. I кезеңге 96 мыңнан астам оқушы қатысты. Алғашқы кезеңнің нәтижесімен өңірлер бөлінісінде ең жоғары нәтиже көрсеткен 5000 финалист іріктелді. Олардың орташа балы 400 балдан 343 балды құрағанын атап өту керек. Бұл ауыл оқушыларының дағдыларының жоғары екенін көрсетеді», - деді Жанғозин.  


Айта кетейік, «Мың бала» олимпиадасы ауылдық жерлердегі дарынды оқушылардың қабілетін дамытуға және қолдауға бағытталған. Осылайша, ауылдық және қалалық мектеп оқушыларының академиялық білімдері мен қабілеттерінің арасындағы алшақтық азаяды.