«Алдағы 5 жыл ішінде Павлодар облысының инвестициялық портфелі жалпы құны 1,9 триллион теңгені құрайтын 174 жобадан тұрады, оның ішінде 2021 жылға – шамамен 72 млрд теңгеге 77 жоба, 1200 жұмыс орны құрылады», - деді Ә.Сқақов. 


Атап айтқанда, Екібастұзда рельстік бекітпелерге арналған серпімді клеммалар мен жол бұрамашегелерін өндіруді іске қосуға және теміржол дөңгелектерін шығару көлемін жылына 200 мыңнан 300 мың данаға дейін ұлғайтуға дайындық жүруде. 


Сонымен қатар, облыс әкімінің мәліметінше өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 триллион теңгені құрады немесе 5,1%-ға өсті. 


Бес айда сыртқы сауда айналымының көлемі – 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. Алдын ала деректер бойынша 2021 жылғы қаңтар-ақпанда өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт шамамен 319 млн АҚШ долларын құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе жоғары.