«Шамамен 72 млрд теңге сомадағы мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде, облыста агроөнеркәсіп кешені көрсеткіштерінің өсімі байқалды. Ел көлемінде құс етінің әрбір 3 килограмы, өңделген сүттің әрбір 5 литрі, әрбір 4 жұмыртқа Ақмола облысында өндіріледі.  


Шаруашылықтардың барлық санаттары шамамен 153 мың тонна ет, 352 мың тонна сүт және 655 млн жұмыртқа өндірді. Малдың қыстап шығуы үшін, мал азығының қажетті көлемін қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар жасалды. Етті және сүтті мал шаруашылығы белсенді дамып келеді. Әр өңірде ет және сүт фермаларын құруға қатысты мақсатқа кезең-кезеңмен жақындап келеміз. Бүгінгі таңда, өңірде 5,3 мал басына арналған 102 ет фермасы және 2 мың мал басына арналған 16 сүт фермасы құрылды», - деді өңір басшысы.   


Сонымен қатар, облыста импорт алмастыру аясында етті құс шаруашылығы дамып келеді.        2022 жылы Макинск құс фабрикасының үшінші кезеңін іске қосу нәтижесінде, тауық етінің жылдық қуаттылығы 75 мың тоннаға жеткізілетін болады, шамамен 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады, ол өңірдің экспорттық әлеуетін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.   


«Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасып, қазір 30 мың гектарға жетті.  Алдағы уақытта, суармалы жерлерді кеңейту, Есіл және Жарқайың аудандарында Бұзылық су қоймасының құрылысымен байланысты болмақ.  Осы бірегей және маңызды жобаны іске асыру, өңірді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді, суармалы жерлердің көлемін кеңейтеді, эко жүйеге, флора мен фаунаға оң ықпал ететін болады», - деді облыс әкімі.