Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде. Үкіметтің қолдауының арқасында денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын айтарлықтай жақсартуға қол жеткізілді - жарақтандыру деңгейі бүгінгі күні 75%  жетті.  


«Жалпы, биыл медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 150 бірлік жабдық сатып алынды. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және сырқаттанушылықты ерте анықтау мақсатында Көкшетауда 150 келушіге арналған онкополиклиника пайдалануға берілді. Биылғы  жылдың соңына дейін Қосшы қаласында 100 келушіге арналған емхананы іске қосылады. Қараөткел ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория және Целиноград ауданының Қоянды ауылында МӘКП орталығының құрылысын бастау көзделген. Денсаулық сақтаудың қоғамдық маңызды міндеттерін шешу үшін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын ерекше атап өткім келеді. Көкшетау қаласындағы 630 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы ауқымды жоба болып табылады. Оны келесі жылы сала бастаймыз.  Сондай-ақ, жеке қаражат есебінен Степногорск қаласындағы емхана ғимаратына жөндеу жүргізіліп, Көкшетауда бір ауысымда 250 адам қабылдайтын оңалту орталығының құрылысы аяқталады», - деді облыс әкімі. 


Сонымен қатар, ол пандемияға қарамастан, облыстың денсаулық сақтау жүйесінде емдеуге жатқызудың жаңа алгоритмдері енгізілді, емханалардың жұмысы күшейтілді, жоспарлы емдеуге жатқызу, скринингтер және басқа да алдын алу іс-шаралары тоқтатылмағанын атап өтті.