«Неге бәрі сыныққа қызығады? Мысалы, кендегі темір мөлшері 35% -50% құрайды. 1 тонна темір рудасын өңдегеннен кейін 570 кг шойын алынады. 1 тонна қара металл сынықтарын өңдегеннен кейін 990 кг таза темір алынады. Шойыннан темір жасау үшін оны үрлеу керек: оттегі қосып, СО2 алынады. Қазіргі кезде әлемде металлургия саласы осы бағытта дамып келеді, осылайша барлық елдерде металл сынықтары шикізат болып табылады, меніңше, бұл стратегиялық шикізат», - деп атап өтті сарапшы.