Оның айтуынша, сондай-ақ «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасы Мәжіліске енгізілді. Оның аясында жастар өздерінің білімдерін, дағдыларын бағалайтын сертификаттау институты іске қосылады. 

«Енді жастар дипломы болмаса да, сертификат алып, жұмысқа орналаса алатын болады. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, бүгінде жұмысқа орналасқан кезде жұмысшының дағдыларын растайтын сертификат маңызды рөл атқарады, яғни практикалық жұмысы мен біліктілігі», - деді спикер.