Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге соынадй сұрақ қойылды.  


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары м.а. Бану Нарбекова ЖОО жүйесінде 2010 жылдан бастап Қазақстанның Баллон үдерісіне қосылғанын жеткізді. Ал оның басты талаптарының бірі - тәуелсіз аккредитация немесе сапаны қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру. Бүгінгі күні елімізде 12 аккредитацилық агенттік бар. Олар министрлік тарапынан танылған. 

«Алдымен атестаттау мен лицензиядан өткізудің ара жігін ашып алайық. Акредиттеуден өту Баллон үдерісінің декларациясына қол қойғандықтан жалпы еуропалық білім жүйесіндегі стандарттың негізінде жүзеге асырылады және білім бағдарламалары жұмыс берушілермен бірге әзірленеді. Бүгінде ЖОО-ның 60%-ы арнайы бағдарламаларын акредиттеуден өткізді. Бұл оларға мамандар дайындауға және мемлекеттік тапсырыс алуға мүмкінідк береді. Сонымен қатар институционалды аккредиттеу бар. Одан барлық университеттер өтті. Себебі олар аккредиттеуден өтпесе, одан әрі қызмет етуіне қатысты сұрақтар туындауы ықтимал. Ал лицензия мәселесі, бүгінгі күні мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саясат. Осы күнге дейін 15 оқу орны жабылды. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деді спикер өз жауабында.