Сондай-ақ ол мемлекеттік сатып алулардағы рейтингтік-балдық жүйе туралы ақпарат берді. Велдомство өкілінің айтуынша, бұл конкурс түріндегі сатып алудың жаңа тәсілі болып табылады. 

«Бұл тәсіл жеңімпазды анықтау процесіне конкурстық комиссияның қатысуын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Жеңімпаз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде автоматты түрде анықталғандықтан, сатып алу қорытындылары шағымдануға жатпайды. Конкурсты өткізу мерзімі 29 күннен аспайды», – деді спикер.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап құрылыс-монтаждау мен жобалау жұмыстары, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс арқылы сатып алынуда. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап техникалық қадағалау қызметтері де осы тәсілге ауыстырылды. Жалпы, жаңа заң рейтингтік-балдық жүйесін барынша дамытуға бағытталған.

Бүгінгі таңда сатып алу бойынша бірыңғай платформа іске қосылды. Бұл платформада мемлекеттік, квазимемлекеттік және «Самұрық – Қазына» Қорының сатып алулары жүзеге асырылады.

«Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыру және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Заңға мемлекеттік сатып алу жүйесіне «толық бітіріп берілетін құрылыс туралы» EPC-келісімшарттар және офтейк-келісімшарттар жасасуға қатысты ережелер енгізіліп, өнім берушілердің жауапкершілігін күшейтіп отыр. Өз кезегінде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік жауапкершілікті қайта қарауға қатысты түзетулер енгізілді», – деді вице-министр.

Жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, өнім берушілердің жауапкершілігін күшейтуге және отандық тауар өнім берушілерге қолдауға мүмкіндік береді.