Мемлекеттік сатып алу саласында әуре-сарсаңның орын алуының тағы бір себебі - шағымдану құқығын теріс пайдалану.

«Өткен жылдың өзінде ЖАО жариялаған 750 мың конкурстың 3,5 мыңға жуығына шағым түскен. Бұл ретте шағымдардың жартысы расталмаған. Конкурстық процедураны тоқтатуы мүмкін шағым қысым мен саудаласу құралына айналды. Сондықтан 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай шағымдарды қарайтын адамдар тобы азяды: сатып алуды ұйымдастырушының өзі немесе сот», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Бүгінде тауарларды сатып алудың бірқатар жүйесі бар: мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алулары, квазимемлекеттік сектордың сатып алулары, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, азық-түлік өнімдерін сатып алу, сондай-ақ Ұлттық банктің сатып алулары. Олардың әрқайсысы бойынша сатып алулар әртүрлі платформаларда, кейбіреулері әлі де қағаз жүзінде жүзеге асырылады. Енгізілген ұсыныстарды ескере отырып, мемлекеттік сатып алу туралы заң мемлекеттік квазимемлекеттік ұйымдардың барлық сатып алулары бірыңғай платформа – мемлекеттік сатып алу веб-порталы негізінде жүргізілуін талап етеді.