Алматы облысының әкімдігі өңірге жастарды тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Республика күні қарсаңында жастарды өңірлерде жұмыс істеуге ынталандыру үшін жергілікті билік «Отбасы банкімен» бірлесіп «Алатау жастары» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуда. Жоба 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындарына жеке тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.