Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың балалар ортопедиялық бөлімшесінде 2011 жылдан бастап балалардағы сынықтарды емдеу кезінде иілгіш шегелер немесе ТЭНдерді (TEN) қолданып остеосинтез технологиясы жасалады. Бұл сынған сүйекті сәйкестендіріп, түзетіп арнайы шыбықтармен немесе «шегелермен» мықтап бекітуден тұрады.