Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасында болып, нысанды сейсмикалық күшейту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ол жұмыстарды «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізуде. Жобаның құны 2,1 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің сайты.