Мегаполисте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың төрағалығымен Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері, Алматы қаласы мәслихаты мен Қоғамдық Кеңесінің депутаттары, сондай-ақ белгілі ғалымдар, көгалдандырушылар мен эко-белсенділердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, онда Алматы қаласы аумағында өсетін жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережелерінің жобасы талқыланды, деп хабарлайды қ. Алматы ресми сайты.