Қарағанды облысындағы ең ескі жылу-электр орталығының бірі – Балқаш ЖЭО-да қуаттылық кеңейеді. Мұнда жаңа, бесінші қазандық салынуда. Бұл жылу тапшылығы мәселесін шешуге және қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.