Республикалық маңыздағы автожолдарда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін проекциялық жаяу жүргіншілер жолақтарын орнату бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Жая жүргіншілерге арналған мұндай жолақтардың ерекшелігі сол, ол ұзақ жерден адам көзіне көрінеді. Бұдан бөлек күн райының қолайсыз кездері мен қысқы уақытта да оны анық байқауға болады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.