2023 жылы 28 қаңтарда Қазақстанда  пиязды ел аумағынан әкетуге үш айға тыйым салынды. Бұл үшінші елдердің отандық көкөністерге деген сұранысына байланысты туындады. Бұйрыққа сәйкес аумақтық инспекциялар экспортқа фитосанитариялық сертификаттарды рәсімдеуді тоқтатты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.