Батыс Қазақстан облысында роуд-шоу басталды, соның барысында өңір кәсіпкерлеріне экспортты мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Іс-шараны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының, сондай-ақ «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен әQazTradeә сауда саясатын дамыту орталығының сарапшылары өткізді, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.