Алматы қаласында атаулы сыйлықтардың, үздік ғылыми қызметкер сыйлықтарының және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сыйлықтар мен стипендиялар лауреаттарына дипломдар, төсбелгілер мен сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында.