Алакөл аудандық әкімдігінің Ақши ауылындағы резиденциясы Үшарал қаласында былтыр ашылған балаларды оңалту орталығының балансына беріледі. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.