ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру саласындағы ақпараттық жүйелердің жұмысына қатысты кеңес өткізді. Онда субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін (СБМАЖ) енгізу және реттеу жұмысы қаралды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.