Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында шалғай елді мекендердегі бірқатар білім беру ұйымдарын аралады. Министр Ақсу ауылындағы тарихы тереңнен тамыр тартатын ғасырлық тарихы бар «Мамания» мектебінде болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.