Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында сұрақ-жауап форматында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың өңір тұрғындарымен кездесуі өтті. Сұрақтар негізінен экологиялық мәселелерге, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға, кәріз және тазарту қондырғыларына, жануарлар дүниесін, су және орман шаруашылығын сақтауға қатысты болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.