Облыста жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 52 инвестициялық жобалар пулы құрылды. Бұл 12 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша осындай көрсеткіштерді келтірді.