Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте өңір басшысы Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Мәселен, БАҚ өкілдері облыста халқы аз ауылдардың тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің қалай шешілетіні туралы сұрады.