Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өңірде мобильді байланыс пен интернетті дамытудағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, еліміздегі басқа да ірі байланыс операторларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.