Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды. Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.